2015 жылғы 2 наурыз, Астана қаласы
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-1-бабының 9-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру ету нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. ДОСАЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі _____________Т. Дүйсенова
2015 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №181 бұйрығымен бекітілген
нысан
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат
20 ___ жылғы_________________үшін
р/с № Аудит жүргізілетін субъекті туралы жалпы ақпарат (объекті мен субъектінің деректемелері және атауы) Санитариялық-эпидемио-логиялық аудиттi жүргiзу негiздемесі (өтініш және шарт) Жиналған ақпарат тiзбесi және оған шолу (мысалы, санитариялық-эпидемиологиялық қарап-тексеру актілері, сырқаттанушылық туралы деректер, сынақтар, өлшеулер хаттамалары және басқалары) Аудит жүргізілетін субъектiнi тексерудің, арнайы зерттеулердің, оның қызметкерле-рiне сауалнама жүргізудің нәтижелері Объектінің санита-риялық-эпидемио-логиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсынымдар тізбесі Аудит жүргізілетін субъектiнiң эпидемиялық маңыздылығы жөніндегі тұжырым, тәуекел тобын айқындау, анықталған бұзушылықтар, құжаттама мен есептілікті жүргiзудiң дұрыстығы туралы мәліметтер
1 2 3 4 5 6 7
______________________________________________ ____________________
(Басшының тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) аты) (қолы)
______________________________________________ ____________________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, аты, (қолы)
әкесінің (болған жағдайда) аты) Жасалған күні 20 жылғы « »
Ескертпе. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдың он бесінші қазанына қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына тапсырады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10866 болып енгізілді.